Салтанатты кешке Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің белгілі мәдениет қайраткерлері шақырылды.
«Танымал жазушы Шыңғыс Айтматовтың туғанына 85 жыл толуына арналған салтанатты шара «Ала-Тоо» қырғызстандық қоғамдық ұйымның бастамасымен және Мәскеу билігі мен Мәскеу ұлттар үйінің аймақаралық ынтымақтастық, ұлттық саясат департаментінің бастамасымен өтті», - деп хабарлады ТМД мемлекеттерінің парламентаралық ассамблеясының баспасөз қызметінен.
Қонақтардың қатарында жазушымен жақын араласқан Қырғызстан Республикасының халық ақындары - Омор Сұлтанов, Тәжікстан Республикасынан - Мумин Каноат, Қырғызстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Қалыбеков, Түркіменстанның халық суретшісі Владимир Артықов, Ташкенттен ақын Борис Пак, орыс жазушысы Валерий Поволяев және тағы басқалар болды.