ТМД-ның жас жазушылары Қазан қаласында «Әдеби Универсиадаға» жиналды

АСТАНА. 16 маусым. ҚазаАқпарат - Ресейдің Қазан қаласында «Әдеби Универсиада» халықаралық фестивалі ашылды. Бұл туралы «Российская газета» сайтынан хабарланды.

Бұл фестивальге жас авторлармен қатар, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Беларусь, Молдова мемлекеттерінен танымал әдебиетшілер қатысады.

«Әдеби Универсиада», ұйымдастырушылардың пікірінше, посткеңестік елдердегі жас дарындарды танытуға септігін тигізеді. Фестиваль аясында дөңгелек үстелдер, шығармашылық кештер, жарқын перформанстар мен поэзиялық турнирлер өтеді деп күтілуде.

Фестиваль 16 маусымда аяқталады.