Коронавирус індетіне байланысты ұйымдастырушылар осындай шешім қабылдаған. ТМД ойындары бастапқыда Ресейдің Қазан қаласында 20-27 тамыз күндері өтеді деп жоспрарланған. Алайда, ойындар коронавирус пандемиясына байланысты қыркүйекке ауыстырылды. Аталған ойынға 14-тен 23 жасқа дейінгі спортшылар 21 спорт түрінен 284 жүлде жиынтығын сарапқа салады делінген.
Ұйымдастырушылардың болжауынша, 11 елден, атап айтқанда, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікістан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украинадан 3500-ге жуық спортшы қатысу керек еді.