Ассамблеяның баспасөз қызметі хабарлағандай, В.Матвиенко Санкт-Петерборға Ленинградтың фашистер блокадасынан азат етілуінің 70 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысу үшін арнайы келген.
Шараға сондай-ақ ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің Бас хатшысы Алексей Сергеев пен бірқатар Достастық елдері парламенттерінің өкілдері қатысты. Делегация мүшелері қоршауда қалған батыр қалада қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.