Бұл туралы Парламентаралық Ассамблеяның баспасөз қызметінен хабарлады.
Халықаралық байқаушылардың тобы Әзірбайжанның Милли Меджилисінің төрағасы Оқтай Асадовтың шақыруымен сайлау барысын бақылауға атсалысқалы отыр.
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясы сондай-ақ Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінде өтетін сайлаудың дайындығын және өткізілу барысын бақылауға қатысады. Қырғызстандағы сайлау қазанның 10-ында өтеді.