Комиссия отырысында «Экологиялық қауіпсіздік туралы», «Экологиялық ақпаратқа қолжетімділік туралы», «Өндіріс және тұтыну қалдықтары туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық қорлар туралы» және «Қоршаған ортаны қорғау қорлары туралы» үлгілік заңдардың жаңа редакциядағы жобалары талқыланды.
Комиссия мүшелері ТМД ПАА жанынан Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі сарапшылық кеңес құру туралы ұсынысты да қолдады. Сараптамалық кеңес ТМД ПАА тиісті тұрақты комиссияларының қарауына заң жобалау қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді, әзірленіп жатқан құжаттарға сараптама жүргізеді, Кеңес пен Ассамблеяның тиісті тұрақты комиссиялары үшін сараптамалық материалдар дайындайды.
Сондай-ақ, заң шығарушылар 2023 жылдың күзінде өткізілетін «Таулы аумақтарды орнықты дамыту» халықаралық форумының дайындық барысын талқылады. Оның мақсаты-ынтымақтастықты дамытуға, таулы аумақтарды орнықты дамыту саласындағы оң әлемдік тәжірибені біріктіруге ықпал ету.