ТМД төрағалығы 2019 жылы Тәжікстаннан Түрікменстанға өтеді.
«Түрікменстан келер жылғы ТМД төрағалығына барынша дайындалып жатыр. Оның аясында Түрікменстанда көптеген шаралар өткізілмек. ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы 2019 жылы Ашхабадта өтеді, ал үкімет басшыларының отырысын келер жылы мамырда Түрікменстанда өткізу жоспарланып отыр», - деді Сергей Лебедев.
Оның айтуынша, бұдан тыс, ТМД Сыртқы істер министрлерінің кеңесін, тағы басқа да шараларды өткізу жоспарланған.
Лебедев сейсенбі күні Түрікменстанның ТМД-ға төрағалық ету концепциясының жобасы таныстырылатынын жеткізді.
«Тұрақты және уәкілетті өкілдер келер жылы Түрікменстанда өтеді деп жоспарланып отырған шараларды мақұлдайды деп сенемін», - деді Лебедев.