ТМД Атқарушы комитетінен хабарлағандай, Қазақстанның елордасында өтетін мәжілісте Достастыққа қатысушы елдердің құрылыс саласындағы баға түзілімі жүйелерін ықпалдастырудың бірыңғай тұжырымдамасының толықтырылған нұсқасын қабылдау жоспарланып отыр. Тұжырымдаманың бастапқы жобасы ағымдағы жылдың ақпан айында, Кишинэуде өткен Комиссия отырысында таныстырылған болатын.
13:45, 30 Тамыз 2010
ТМД сарапшылары Құрылыс саласындағы баға түзілімі жүйелерін ықпалдастырудың бірыңғай тұжырымдамасын талқылайды
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қыркүйектің 9-10-ында Астанада бас қосатын сарапшылар Достастық елдерінің құрылыс саласындағы баға түзілімі жүйелерін ықпалдастырудың бірыңғай тұжырымдамасын талқылайды.