Отырыс түстен кейін «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өтеді. Бұл күні ТМД сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысы өтеді.
Мемлекет басшылары кеңесінің отырыстары Президент А. Атамбаевтың төрағалығымен шағын және кең форматта өтеді деп жоспарлануда.
Мемлекеттер басшылары тікелей талқылауға алты мәселе шығарылмақ, оның ішінде ТМД 25-жылдығына байланысты жалпы мәлімдеме, ТМД-ның келесі төрағалығы, ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің кезекті отырысын өткізу орны туралы шешім қабылданып, ТМД-ның жаңа сын-қатерлерге бейімделуі туралы мәселелер қаралады.
Кең форматтағы отырыста ТМД мемлекеттерінде 2020 жылы халық санағын жүргізу, 2017 жылды - Отбасы жылы, 2018 жылды - ТМД-дағы мәдениет жылы деп жариялау туралы екі мәселе талқыланады.
Талқылаусыз, мемлекет басшыларының қол қоюына 14 құжат шығарылады. Олардың ішінде халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл, әлемдік есірткі проблемасы, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жасалған қылмыстармен күресте ынтымақтастық туралы ТМД мемлекеттері басшыларының мәлімдемесі бар.