ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы 30 қазанда Душанбеде өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы 30 қазанда Душанбеде (Тәжікстан) өтеді, деп хабарлады БЕЛТА агенттігіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.

Отырыстың күн тәртібінің жобасына негізінен экономикалық саладағы өзара іс-қимылды дамытуға қатысты мәселелер енгізілді. Бұл атап айтқанда, еркін сауда аймағы туралы шартты жүзеге асыру, экономика саласындағы салалық органдардың қызметі, ТМД экономикалық дамуы стратегиясының үшінші кезеңін жүзеге асыру жөніндегі шаралар, инновациялық ынтымақтастық, тауар нарықтарындағы бәсекелестік, электр байланысы, энергетика, құнды қағаздар нарығы мәселелері, сондай-ақ қаржылық сипаттағы құжаттардың үлкен топтамасы.

Сонымен бірге, үкімет басшылары денешынықтыру мен спорт, халықаралық жастар ынтымақтастығы, білім, ардагерлерге медициналық-әлеуметтік көмек, төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою, қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылды регламенттейтін құжаттарды қарайды.