«Өздеріңізге белгілі, халықтың әлеуметтік өсу көрсеткіштері тұрғындардың азаматтық алуы немесе азаматтықтан шығуы деңгейімен өлшенеді. Кейінгі жылдары елімізде азаматтық алуға ниет білдірушілердің саны жыл сайын өсіп келеді»,- деді ол.
Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, бұған ең бастысы, еліміздегі тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық даму және жаңа жұмыс орындарының құрылуы негіз болып отыр.
«Бүгінгі отырыста біз 638 адамның өтінішін қарайтын боламыз. Өтініш иелерінің құжаттары заң талаптары шеңберінде арнайы органдарда қаралды. Қалыптасқан тәртіпке сәйкес комиссия отырсының қорытындысы бойынша Елбасына ұсыныстар енгізілетін болады»,- деді Г.Әбдіқалықова.