Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Мұрат Оспанов мәлім етті.
«Заңнаманың сақталуын бақылау және тұтынушылардың құқықтарын бұзуға жол бермеу мақсатында агенттік табиғи монополия субъектілерінің қызметіне 351 тексеру жүргізді, заңнаманы бұзу фактілерін жою туралы 590 ұйғарым енгізді», - деді ол.
Агенттік төрағасының сөзіне қарағанда, 8 млрд. теңгеден астам айыппұл санкциялары салынған. Бұл сома өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 3 млрд. теңгеге артық.
«Сондай-ақ тарифтік сметада қарастырылған қаржының пайдаланылуын бақылау және тұтынушыларға келтірілген шығындарды өтеу мақсатында, 2012 жылдың қаңтар айынан бастап агенттік табиғи монополияның 123 субъектісіне уақытша өтем тарифтерін енгізді. Тұтынушыларға қайтарылған сома шамамен 1,1 млрд. теңгені құрайды», - деді М.Оспанов.