Бұл туралы Астана қаласының Қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлім етті.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы тарап ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановты 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.
Мұрат Оспановқа Қылмыстық кодекстің 311-бабы бойынша аса ірі көлемде пара алды деген кінә тағылған еді. Оспанов 2014 жылғы 1 шілдеде Қаржы полициясы агенттігінде жауап беруден кейін ұсталды.
Соттың жіберген хабарламасы бойынша, үкім шығару кезінде М. Оспановтың бұрын ешқандай қылмыс жасамағаны, мемлекеттік наградалармен марапатталған қызметтік өтілі ескерілді.
Естеріңізге салайық, М. Оспанов 300 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен былтыр шілде айында ұсталған болатын, кейінірек сот оны қамауға алуды санкциялады. Мұрат Оспанов ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы қызметіне 2012 жылдың қаңтар айында тағайындалған.