ТМРА департаментінде «Көктем арулары» сайысы өтті

АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінде «Көктем арулары» сайысы өтті.

Іс-шара ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Армысың, әз-Наурыз!» атты байқаудың аясында ұлттық салт-дәстүріміз бен әдеп-ғұрпымызды жаңғыртып, насихаттау мақсатында өткізілді.

Сайысқа қатысушылардың барлығы қазақ қыздарына тән сұлулықты, сымбаттылықты, адамгершілік пен имандылық, әдептілік пен ізеттілік сияқты асыл қасиеттерді, сондай-ақ өз халқына деген сүйіспеншіліктерін дәріптей білді.