ТМРА электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай 3 деңгейлі сараланған тарифтерді енгізуге кірісті

None
АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай 3 деңгейлі сараланған тарифтерді  енгізуге кірісті.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында аталған ведомствоның басшысы Мұрат Оспанов мәлім етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында агенттік электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай 3 деңгейлі сараланған тарифтерді  енгізуге кірісті», - деді ол.

Оның айтуынша, электр энергиясына ақы төлеу кезінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсз тобына қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап электр энергиясының тұтыну шамасын асырғаны үшін аса жоғары немесе 2-ші деңгейлі тариф бойынша ақы өндіріп алынатын неғұрлым жоғары шама енгізілген.

«Бұдан әрі осы тәжірибе сумен жабдықтауда қолдану мүмкіндігі қаралатын болады», - деді М.Оспанов.