ТМҰ-ға мүше елдер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады

АСТАНА. KAZINFORM — ТМҰ-ға мүше елдер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады.

Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, концертте «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркия Республикасы Президенттік симфониялық оркестрі Ұйымға мүше елдердің ең таңдаулы музыкалық шығармаларын орындады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Құрметті қонақтар түркі халықтарының ұлттық билерін тамашалады.

Фото: Ақорда

Сондай-ақ іс-шара аясында түркиялық танымал әнші Кырач пен Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі аллеясын ашқанын хабарлаған едік.