Бұл туралы «Интерфакске» өңірлік Тергеу комитеті ТБ өкілі Татьяна Грызловаға сілтеме жасап хабарлады.
Грызлованың айтуынша, оқиға 18 ақпан күні Алексин қаласының орталығында орын алған. Бес қабатты үйдің шатырындағы мұз сүңгілері 40 жастағы әйелдің төбесіне құлаған. Алынған дене және бас жарақаты салдарынан жан сақтау бөліміне жеткізілді. Бірақ дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады.
Тергеушілер шатырлардағы қарды тазалауға жауапты тұлғаларды анықтауда.