«Тобыл» футбол клубының директоры Андрей Канчельскис қызметінен кетті

Фото: "Тобыл" футбол клубының Instagram парақшасы

«Тобыл» футбол клубының директоры Андрей Канчельскис қызметінен кетті. Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Арнайы мәлімдемеде «Тобыл» футбол клубының атынан Андрей Антанасовичке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірілген.

«Сізге денсаулық, бақыт және барлық бастамаңызға сәттілік тілейміз», делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан бұрын Канчельскис 2019-2020 жылдары өзбекстандық «Навбахор» клубын жаттықтырған болатын.

Кезінде «Манчестер Юнайтед» клубы мен Ресей құрамасында жартылай қорғаушы болған маман «Тобыл» клубының директорлығына биылғы шілдеде тағайындалған еді. Бапкерлік жолында ол «Юрмала», «Волга», «Уфа», «Торпедо-ЗИЛ» және «Солярис» сияқты клубтарды жаттықтырды.

Қостанайдың «Тобылы» биылғы маусымыда Қазақстан чемпионатыныда 7-орынға тұрақтағанымен, ел кубогін жеңіп алды.