«Тобыл» футболдан Қазақстан суперкубогының иегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 28 ақпанда футболдан Қазақстан суперкубогында алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» командалары кездесті.
Жаңа маусымдағы алғашқы ойында екі команда бапкерлер құрамы тәжірибелі футболшыларға сенім артты. Оған қоса биыл ел біріншілігінде бақ сынауға мүмкіндік алған шетелдік ойыншылар да қосылды.
Командаларлың негізгі құрамы
«Қайрат»: Темірлан Анарбеков (Қ) — Луиш Мата, Александр Широбоков, Александр Мартынович (К), Еркін Тапалов — Яакко Оксанен, Дан Глазер, Ойва Юккола, Александр Мрынский, Жоржиньо — Эдмилсон;
«Тобыл»: Сұлтан Бұсұрманов (Қ) — Наурызбек Жагоров, Папе-Алиун Ндиайе, Неманья Кавнич, Александр Марочкин, Марко Вукчевич — Максим Мякиш, Асхат Тагыберген (К), Александр Зуев — Рубин Хебай, Луис Герра.
Ойын басталған сәттен қос команда бірден шабуылға шығуға көңіл бөлді. Жасыл алаң төрінде алматылық футболшылар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Дегенмен олардың тарапынан өрескел қателікке бой алдыру көрініс берді.
Ойынның 6-минутында «Тобылдың» венесуэлалық шабуылшысы Луис Герра өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Күтпеген жерден өз қақпасына гол жіберіп алған «Қайрат» таразы басын теңестіруге ұмтылды. Олардың қатарынан 20-минутта Александр Мрынский кезекті шабуылдың бірінде қарсылас қақпасын дәл көздеді.
Ал-26-минутта алматылық клубтан Жоржиньо орындаған пенальтиге «Тобыл» қақпашысы Сұлтан Бұсұрманов тосқауыл қойған еді. Ол қайтарған допты алматылық клуб биыл толықтырған финляндиялық Яакко Оксанен мүлт жіберген жоқ.
Екінші кезеңде командалар шабуылды бәсеңдеткен жоқ. Алматылық клуб басымдықты арттыруға көңіл бөлсе, қостанайлық команда таразы басын теңестіруге күш салды.
Ойынның 89-минутында Асхат Тағыберген гол соғып кетті.
Осылайша негізгі кезең 2:2 есебімен аяқталып, командалар пенальти тебуге мүмкіндік алды.
Пенальти тебуде «Тобыл» бірде-бір мүмкіндігін мүлт жібермей, Қазақстан суперкубогының иегері атанды.
Қазірге дейін аталған турнирдің финалда 10 команда бақ сынаған. Олардың арасында «Астана» 10 мәрте финалға шығып, 5 рет (2011, 2015, 2018, 2019, 2020, 2023) Суперкубокты иеленді. Одан кейінгі кезекте Алматының «Қайраты» 5 мәрте финалда бақ сынап, соның үшеуінде (2016, 2017, 2025) жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ суперкубокта «Тобыл» бес мәрте ойнап, (2021, 2022, 2024) үш мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.
Ал «Ақтөбе» 3 (2008, 2010, 2014) — 2, «Елімай» (1995), «Ордабасы» (2012), «Шахтер» (2013) командалары бір-бірден жеңімпаз тұғырынан көрінді. Сондай-ақ «Атырау», «Восток» және «Қайсар» командалары суперкубокқа шыққанымен бірде-бір мәрте оған қол жеткізе алған жоқ.