«Тобыл» мен «Елімай» соңғы минутта үш ұпай олжалады
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХІV-туры аясында екінші ойын күнін қостанайлық «Тобыл» мен Қызылорданың «Қайсары» түйіндеді.
Кездесу барысында екі команда жылдам гол соғуға тырысты. Қостанайлық клуб ойын тізгінін қолға алып, жиі шабуыл ұйымдастырды. Соған қарамастан таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Ойынның 95-минутында Николай Сигневич соққан гол «Тобылға» жеңіс алып келді. Осылайша қостанайлық клуб қарсыласынан 1:0 есебімен сүріндіріп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.
Ал семейлік «Елімай» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын 2:1 есебімен сүріндірді. Ойынның 3-минутында шымкенттік клубтан Эльхан Астанов есеп ашса, «Елімай» сапынан Рамазан Оразов 84, Роман Муртазаев 95-минутта мергендік танытты.
Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық «Астана» сырт алаңда көшетаулық «Оқжетпесті» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Еске салсақ, 27 қыркүйекте Жезқазғанның «Ұлытауын» өз алаңында «Атырауға» 1:5 есебімен есе жіберсе, астаналық «Жеңіс» Түркістанның «Тұранын» 6:3, «Ақтөбе» петропавлдық «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңді.
Сондай-ақ 5 қазанда «Қайрат» (Алматы) пен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.