Кездесу барысында екі команда жылдам гол соғуға тырысты. Қостанайлық клуб ойын тізгінін қолға алып, жиі шабуыл ұйымдастырды. Соған қарамастан таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Ойынның 95-минутында Николай Сигневич соққан гол «Тобылға» жеңіс алып келді. Осылайша қостанайлық клуб қарсыласынан 1:0 есебімен сүріндіріп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.
Ал семейлік «Елімай» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын 2:1 есебімен сүріндірді. Ойынның 3-минутында шымкенттік клубтан Эльхан Астанов есеп ашса, «Елімай» сапынан Рамазан Оразов 84, Роман Муртазаев 95-минутта мергендік танытты.
Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық «Астана» сырт алаңда көшетаулық «Оқжетпесті» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Еске салсақ, 27 қыркүйекте Жезқазғанның «Ұлытауын» өз алаңында «Атырауға» 1:5 есебімен есе жіберсе, астаналық «Жеңіс» Түркістанның «Тұранын» 6:3, «Ақтөбе» петропавлдық «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңді.
Сондай-ақ 5 қазанда «Қайрат» (Алматы) пен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.