Тобыл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жақсылық Ысқақовтың баяндауынша, қазірдің өзінде су өткізгіш құбырлар бөлшектеліп, бетон құбырларын орнатуға жер дайындалған.
«Сондай-ақ, барлық арматура, темірбетон құбырлар мен шлюздер толығымен сатып алынды, топырақты өңдеу және қосымша су өткізгіш құбырлар үшін құмды-қиыршықтасты қоспадан жасалған іргетастардың негізін толтыру жұмыстары жүргізілді. Соңғы тармақ бойынша оларды орнату қажеттілігі туралы шешімді күтіп отырмыз», - деді басқарма басшысы.
Қазіргі уақытта бөгет корпусын толтыру жұмыстарының 70 пайызы аяқталды, бұл 24 мың текше метр жерді құрайды. Жалпы орындалған жұмыс көлемі 53 пайызды құрап отыр.