Бұдан басқа, ӘКК IQNet сертификаттау жөніндегі органдар халықаралық қауымдастығының бизнес-жобаларды жобалау, жасау және құруға қатысты сертификатына да ие болды.
«Тобыл» ӘКК жылжыту департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, корпорация жұмысына ISO 9001-2008 ұстанымдарын енгізу оны тиімді басқару үшін компанияның қосымша және негізгі үдерістерді біріздендіруіне мүмкіндік береді.
Әлемнің 90-нан астам елінде қабылданған ISO 9000 сериялы стандарттарды қызметкерлер санына, өндіріс көлемі мен қызмет саласына қарамастан кез келген кәсіпорында қолдануға болады.