«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының көмегімен асфальтбетон зауыты салынды

Фото: None
ҚОСТАНАЙ.  Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ -   Кеше Қостанай  облысында  жаңа асфальтбетон зауыты  іске  қосылды,

деп хабарлайды  ҚазАқпарат  тілшісі.

Жітіқара  қаласында  орналасқан    жаңа  өндірістің ашылу  салтанатына  облыс  әкімінің  орынбасары Серік Бектұрғанов  және    «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясы  басқармасының  төрағасы Марат Толыбаев   қатысты.

 Жаңа  өндіріс    соңғы жылдары артып  отырған  асфальтқа деген  сұранысты  қанағаттандыруға,  сонымен бірге  Қостанай  облысының  оңтүстік аудандарындағы жолдарды жөндеудің  құнын арзандатуға   мүмкіндік береді.