Тимур Оразов жаттықтыратын қостанайлықтар бұған дейін желтоқсан айында өткен алғашқы жиында черногориялық 2 ойыншымен келісімшарт жасасқан болатын. Олар шабуылшы Андрия Делибашич пен жартылай қорғаушы Митар Новакович. Сондай-ақ, қорғаушы Александр Шкотпен келісімшарт ұзартылды. Бас бапкер бұл жиынға негізгі құрамдағы қақпашылардан - Алмат Бекбаев пен Александр Петуховты, қорғаушылардан - Нұртас Құргулин пен Никола Тоневты, жартылай қорғаушылардан - Ермек Нұрғалиев, Анатолий Богданов, Ненад Шливич, Нұрбол Жұмасқалиев, Виталий Волков, Ермек Нұрғалиев, Александр Андреев, Митар Новаковичті, шабуылшылардан - Әлішер Сүлей, Игорь Бугаев, Андрия Делибашич, Менсур Куртишиді шақырып отыр. Сондай-ақ қосалқы құрамдағы қақпашы Руслан Оразов пен шабуылшы Темірлан Эльмурзаевқа сенім артылуда.
13:42, 06 Қаңтар 2014
«Тобыл» футбол клубы Бразилия, Корея, Ресей футболшыларымен спаррингтік кездесу өткізбек
АЛМАТЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы бұл жолы 4 спарринг кездесу өткізбек. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарсыластары бразилиялық, кореялық, ресейлік командалар болмақ. Ал төртінші команданың қай елден болатыны әзірге белгісіз.