«Тобыл» Люксембургтың командасын жеңіп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана Аренада» 2019/2020 жылғы Еуропа лигасына іріктеу кезеңінің алғашқы раунды аясында Қостанайдың «Тобылы» Люксембургтың «Жөнесс Эш» командасымен ойнап жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойынныңалғашқы минуттарынан-ақ шартты түрде алаң иелері саналатын қостанайлықтар доптыбақылауында ұстауға тырысты.

Ал қонақтаролардың әр қадамын аңдып, қарсы шабуылдарды ұтымды пайдаланбақ болды.Қонақтардың қырағы қорғаныс шебі «Тобылдың» шабуылдаушыларын біршаматұсап ұстады да, бірақ21-минутқа дейін. Қостанайлықтардың сол қанаттан ұйымдастырған шабуылын өрескелтоқтатқаны үшін грекиялық төреші Эммануил Скоулас айып добын белгіледі. Айыпалаңына асырылған допқа талас кезінде қонақ команданың қорғаушылары«Тобылдың» 8-нөмірдегі қорғаушысы Виктор Дмитренкодан көз жазыпқалды. Соны ұтымды пайдаланған Виктор жылдамдық танытып, ойындағы алғашқы голдысоқты.

Біріншітаймда басқа гол соғылған жоқ.

Айтакетейік, «Тобыл» футбол клубы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,Қостанай әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, «Тобыл»Еуропа лигасындағы өз алаңындағы матчтарын уақытша «Астана Аренада» өткізеді.

Соңғы жаңалықтар