АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турды «Тобыл» (Қостанай) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) кездесу қорытындылады. Ойын барысында қостанайлық клуб 2:0 есебімен басым түсті.
Нәтижесінде «Тобыл» турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып, алғашқы төрттіктегі командаларға жақындай түсті.
Тағы бір кездесуде қарағандылық «Шахтер» Ақтаудың «Каспийін» 1:0 есебімен тізе бүктірді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Жетісу» мен «Ақсу», «Қайрат» мен «Мақтарал» 1:1, «Жетісу» мен «Ақсу» 0:0 есебімен тең түссе, «Ақтөбе» «Қайсарды» 1:0, «Ордабасы» «Қызылжарды» 2:1 есебімен сүріндірді.
Енді 17-тур ойындары 29 және 30 шілде күндері өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.