«Тобыл» өз алаңында «Ақтөбеден» ұтылды

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Футболдан ел чемпионатының кезекті турында Қостанайдың «Тобылы» Ақтөбе облысының командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші таймның соңына таман ақтөбеліктер есеп ашты. Маркус Пизелли айып добын сәтті орындады. Кездесудің бірінші бөлігі «Ақтөбе» пайдасына шешілді.

Матчтың бөлігінде алаңға «Тобыл» футболшысы Ника Квеквескири шықты. Ол қорғаушы Ванче Шиковты алмастырды. Сол қапталдан ұмтылған Максим Фединді қарсылас команданың қорғаушылары шалып жықты. Ника Квеквескири алыстан шірене тепті. Келесі сәтте пенальти сұрағаны үшін Б.Тұрысбек «сары қағазбен» жазаланды. Ал қонақтар өздерінің екінші голдарын соқты. Тағы да Пизелли! «Тобыл» қорғаушыларын алдап өткен Маркус қақпаның оң жақ бұрышына тура соққы бағыттады.

Есеп айырмасын қысқартқан алаң иелері толығымен шабуылға көшті. Соның нәтижесінде өздеріне қарымта шабуыл өткізіп алды. Өз айып алаңында қолмен ойнаған Дмитрий Мирошниченко алаңнан қуылды. Ал Маркус Пизелли нүктеден қателескен жоқ. Хет-трик!

Ойынның 83-минутында төреші кездесудегі үшінші пенальтиді белгіледі. Азат Нұрғалиев те өз мүмкіндігін мүлт жібермей, дубль жасады.

Төреші қосқан бес минутта есепке өзгеріс енбеді. Осылайша, «Тобыл» өз алаңында екінші матч қатарынан ұтылып қалды.

Соңғы жаңалықтар