28 маусымда Қостанай қаласынан үш шақырым жерде Тобыл өзенінен Қостанай облысы ТЖД ЖҚЖ күшімен 1971 жылы туған әйелдің мәйіті табылып, судан шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, 27 маусым сағат 22:45-те Тобыл өзенінің жағалауында 49 жастағы әйел белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Сүңгуір және іздестіру-құтқару жұмысы кезінде құтқарушылар оқиға орнынан 1,5 км төмен қарай әйелдің денесін тапты.
Мәйітті құтқарушылар алып шығып, өзен жағасына жеткізді және полиция қызметкерлеріне тапсырды. Жазатайым оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Оқиға орнында «Қостанай облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ ЖҚЖ 12 қызметкері, үш жүзу құралы, бір квадрокоптер және төрт техника жұмыс істеді.