Тобыл қаласындағы провизорлық емхана 1 айдан астам уақыт ішінде 125 науқасты айықтырған. Стационар бүгін жұмысын тоқтатты.
«Қазір стационар ішінде дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада шұғыл және жоспарлы түрде пациенттерді қабылдау қалыпты жағдайда жалғасады.
Провизордан шыққан науқастар ауру деңгейіне қарай 7 күннен 10 күнге дейін қосымша ем алады. Айығып шыққандар қазірдің өзінде медицина қызметкерлерінің бақылауында»,- дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.
Айта кетейік, бұл провизорлық стационар Тобыл қаласындағы аурухананың акушерлік-гинекологиялық бөлімшесі жанынан ашылды. Науқастарға 47 медицина маманы қызмет көрсетіп, бірнеше ауысыммен тәулік бойы тынымсыз еңбек етті.