«Тобылды» Нұрбол Жұмасқалиев жаттықтырады
Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Тобыл» футбол клубының басбапкері Владимир Газзаев жұмысынан кетті. Сондай-ақ, «Тобыл» баспасөз қызметіфутболшыларға қатысты бірқатар қазақстандық сайттарда жалған ақпаратжарияланғанын хабарлады.
«Қостанайклубында негізгі команданың құрамына түбегейлі өзгерістер енгізужоспарланбаған. Футболшылар қолданыстағы келісім-шарттар аяқталғанға дейінкоманда намысын қорғауды жалғастырады. Техникалық директор Владимир Нидергауспен жаттықтырушы Андрей Мирошниченко клубпен еңбек шартын үзді. «Тобыл» ФК ұжымы бірлескен жұмысы үшін аталған азаматтарға алғыс білдіріп,алдағы спорт мансабында сәттілік тілейді»,- делінген клубтың ресми хабарламасында.
Бас бапкердің міндетін атқарушы болып белгілі футболшыНұрбол Жұмасқалиев тағайындалды. Ал Нұрбол Жәрдемұлы команданың ойыншыларыменжәне Қостанай футболының тарихымен жақсы таныс. Клубтың аңыз ойыншысы екеніфутболсүйер қауымға белгілі. Н.Жұмасқалиев жергілікті жас футболшыларды негізгікоманда құрамына алуға көмектесетінін атап өтті команданың баспасөзқызметіндегілер.
Еске салсақ, «Тобыл» футбол клубының бас бапкері Владимир Газзаев жұмысынан кеткені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.