Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 8 937,2 млрд теңгені құрады, 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда бұл 10,7%-ға жоғары.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 32,3%-ды құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 67,7%.
Сату көлемінің ең жоғары өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі, атап айтқанда мотор отыны, автомобиль, фармацевтика тауарлары, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, автомобильдерге арналған құрал-саймандар, аяқкиім, жиһаз, сағат және зергерлік бұйымдар.
2023 жылғы 1 қазанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 539 млрд теңгені, сауда күндерінде 71 күнді құрады (2022 жылғы 1 қазанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі 1201 млрд теңгені, сауда күндерінде 61 күн құрады).
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес Алматы (32%) мен Астана қалаларына (12,9%), Қарағанды (8%) және Шығыс Қазақстан (6,1%) облыстарына тиесілі.