АСТАНА. KAZINFORM – Литваның Каунас қадасында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирде бақ сынап жатқан қазақстандық боксшылардың тоғызы финалға шықты.
Олар:
54 кг. Нұрсұлтан Алтынбек
57 кг. Асылжан Серікбай
60 кг. Алмат Әбдуәли
63,5 кг. Жандос Қыдыралиев
67 кг. Елнұр Сүйінбай
71 кг. Фарух Тохтасунов
75 кг. Азамат Бектас
80 кг. Тұрсынбай Құлахмет
92 кг. Абзал Құттыбеков
Жалпы аталған турнирге 11 боксшы аттанған болатын. Өкінішке қарай, Даниял Сабит (51 кг) пен Аманат Сабырғали (92 кг) жартылай финалда жеңіліп, қоланы қанағат тұтты.
21 наурыз күні басталған халықаралық турнир, бүгін, яғни 23 наурыз күні мәресіне жетеді. Оған әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы қатысып жатыр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.