Тоғыз облыстың оқушылары сабақты қашықтан оқиды

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — 19 ақпан ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 9 облысында оқушылардың сабағы қашықтан оқыту форматына көшірілді. 

Білім беру басқармасының мәліметінше, Астана, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Семей, Петропавлдың мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды. 

Сондай-ақ Қызылорда мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқитын болады.