Оқиға «Этуаль Филант» клубының ойыншылары Сокодта өтетін жергілікті «Семасси» клубымен матчқа бара жатқан кезде болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, автобустың дөңгелегі жел жіберіп, жүргізуші басқарудан айырылып қалған.
Жоғары жылдамдықта келе жатқан автобус жол жиегіне аударылып, өртенген. Алты футболшы көз жұмды. Автобустың тағы 28 жолаушысы әртүрлі жарақұаттармен Того астанасы Ломедегі әскери госпитальға жеткізілді.
«Этуаль Филант» астаналық клубы Того ұлттық лигасының жеті дүркін жеңімпазы.