Тоғыз қабатты үйдің көлеміндей астероид жерге жақындап келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат -Тоғыз қабатты үйдің көлеміндей астероид 6 наурызға қараған түні жердің жанынан ұшып өтеді.

DX110 деп аталатын аспан денесі 28 ақпан күні Гаваяда Pan-STARRS 1 кешенінің көмегімен анықталған. Бұл өткен жылғы ақпанда Челябі маңында құлаған метеоридтен едәуір үлкен. Диаметрі шамамен 30 метрді құрайды.

NASA мамандарының сөзіне қарағанда, астероидтан қорқудың қажеті шамалы. Өйткені оның ұшу траекториясы мен жердің орбитасы арасындағы қашықтық шамамен 290 шақырымдай болмақ.