«Өрт қауіпті жағдайлар тоғыз өңірде байқалып тұр. ЯғниАқмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды,Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары осы тізімге енді. Өрт қауіпті кезең(сәуір айынан) басталғалы орман қоры аумағында 419 өрт тіркелді. Өткен жылдыңсәйкес кезеңімен салыстырғанда бұндай фактілердің саны 73 пайызға көбейді», - делінген комитет мәліметінде.
Белгілі болғандай, 2019 жылдың сәуірінен елімізде 26 дала өрті болды. Бұл тұрғыда 2018 жылға қарағанда 13 пайызғатөмендеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ІІМ Төтенше жағдайларкомитетінің төрағасы Владимир Беккер Ресейдің Сібір аумағындағы өрттің таралуыҚазақстанға қауіптудырмайтынын мәлім етті.