Тоғыз жасар оқушы Шумахерге арнап кітап жазды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияда тоғыз жастағы оқушы Эйден Гормли кітап жазып, оның бір данасын өзінің пір тұтатын тұлғасы Михаэль Шумахерге сыйға тартты, деп жазады шетелдік БАҚ.

Оқушы туындысының атын «Ферраридің оқиғалары» деп атаған. Сатылымнан түскен қаржының барлығы қайырымдылыққа жұмсалады. Жас автордың айтуынша, «бай болуға оған әлі ерте».

«Достық пейілдеріңізге алғысым шексіз. Біздің Михаэль ешқашан берілмейді», - деп сыйлығына алғыс айтып, Шумахердің жары Коринна Шумахер Эйденге хат жазды.

Еске сала кетсек, Франциядағы Мерибельде 2013 жылғы 29 желтоқсанда тау беткейінде шаңғы теуіп жүрген Шумахер құлап, басынан ауыр жарақаттанған болатын. Қазір дәрігерлер шабандоздың денсаулығын қалыпты деп бағалап отыр. Спортшы дыбыстарды естиді және туған-туыстарын таниды.