Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, Тоғызқұмалақтан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаева айтып берді.
«2019 жылдың 11-18 шілде аралығында «Чехияның Пардубице қаласында «Czechopen – 2019» халықаралық зияткерлік ойындар фестивалінде тоғызқүмалақ ойындарының классика, блиц, жастар және компьютерлік бағдарламалар арасындағы жарыстар өз мəресіне жетті. Турнир өте тартысты өтті», - деді ол.
Бас жаттықтырушы атап өткендей фестивалде тоғызқұмалақ жарыстарына 9 елдің спортшылары қатысқан, олардың ішінде Əлем, Азия, Европа чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Блиц:
1-орын - Батырбек Бейбарыс (Қазақстан)
2-орын - Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан)
3-орын - Арыстан Манарбекұлы ( Қазақстан)
Жастар арасында:
1-орын - Марлис Дуулатбеков (Қырғызстан)
2-орын - Арыстан Манарбекұлы ( Қазақстан)
3-орын - Батырбек Бейбарыс (Қазақстан).