Тоғызқұмалақ: Оралдағы ел чемпионатының алғашқы жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында 26-30 наурыз аралығында тоғызқұмалақтан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатының блиц түрі бойынша жарыс мәреге жетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 10, 12 және 14 жастағы жасөспірімдер арасындағы жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды. Атап айтқанда, 10 жастағылар арасында:

Ұлдар - Б.Еркін - 1-орын, Ш.Мырзахмет - 2-орын (екеуі де ОҚО-дан), Е.Батыр (Алматы облысы) мен Б.Қалыбек (ОҚО) - 3-орын.

Қыздар - Ә.Әлемқызы - 1-орын (ШҚО), Н.Сейджаппар - 2-орын (ОҚО), І.Қайыржанова (БҚО) мен А.Төлекбаева (Қарағанды) - 3-орын.

12 жас: ұлдар - Ы.Кенжебек (Қызылорда) - 1-орын, С.Смағұлов (Павлодар) - 2-орын, С.Әйтенов (Ақтөбе) пен Д.Қалыбек (ОҚО) - 3-орын.

Қыздар - Ә.Дәуренбекқызы (Қызылорда) - 1-орын, А.Құсайынова (Атырау) - 2-орын, А.Оралбекова мен М.Бақтыбек (екеуі де ШҚО-дан) - 3-орын.

14 жас: ұлдар - Б.Батырбек (ОҚО) - 1-орын, Е.Әуелбай (Астана) - 2-орын, Ж.Тұрақбай (Маңғыстау) мен Н.Сүлеймен (Павлодар) - 3-орын.

Қыздар: Б.Айжарық (Қызылорда) - 1-орын, Қ.Есіркеп (Астана) - 2-орын, Ж.Смайлова (Қостанай) мен Г.Алдабергенова (Ақтөбе) - 3-орын.

Қазіргі кезде тоғызқұмалақтың классика түрінен сайыстар өтуде. Оған Астана, Алматы қалалары мен еліміздің 14 облысынан барлығы 250 спортшы қатысуда.