Оқу құралы мен ойынның тұсаукесері Вильнюстегі «Мектеп 2019» IX білім беру және инновациялық көрмесінің аясында өтті.
Қазақстанның Литвадағы Елшісі Виктор Темірбаев атап өткендей, бұл зияткерлік ойын Балтық жағалауында танымал бола бастаған. Ұлттық ойынды 2018 жылы Елшілік Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясымен бірге Латвияда ұсынған. Ал 2019 жылы Латвия ойыншылары Ыстанбұлда өткен Тоғызқұмалақ әлем чемпионатына қатысқан.
Қазақтың ұлттық ойынымен танысу рәсімі Литвада 2019 жылы көктемде Литва мектептерінің оқушылары арасында алғашқы тоғызқұмалақтан жарыс кезінде өтті. Қазақстандық дипломаттың айтуынша әдістемелік құралдың электронды нұсқасы елшіліктің сайтында қол жетімді. Оның көмегімен «көшпелі алгебраны» үйренгісі келетін литвалықтардың саны көбейе түседі..
Литва тіліндегі нұсқаулық алдағы 2020 жылы қазақтың ұлы ойшылы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындалу мақсатында жарияланды. Абайдың осы стратегиялық ойынның ұлы шебері саналғаны белгілі. Келесі жылдың қаңтарында елшілік ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған Вильнюста тоғызқұмалақтан кезекті жарысты өткізуді жоспарлап отыр.