Тоғызқұмалақшылар ел чемпионатында бақ сынасты
19:18, 23 Сәуір 2017
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 18-23 сәуір күндері аралығында Қызылордада Қазақстан Республикасының тоғызқұмалақтан ерлер арасындағы командалық чемпионаты өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Еліміздің 8 облысынан келген тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасып, ұлттық ойынды ұлықтады. Нәтижесінде командалық есепте Батыс Қазақстан облысының құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды - Қызылорда, үшінші орынды Павлодар облыстарының спортшылары иеленді.
Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаеваның айтуынша, Қазақстан құрамасы 26 сәуір-2 мамыр аралығында Түркияда өтетін халықаралық жарысқа және 5-12 мамыр күндері Бішкекте болатын Орталық Азия кубогына қатысады.
Фото: syrboyi.kz