АСТАНА. ҚазАқпарат - Таразда төл ойынымыз тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер арасындағы классикадан жекелей чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12 қазанға дейін жалғасатын додаға Астана, Алматы қалалары, БҚО, ОҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарынан 78 спортшы (42 ер, 36 әйел) бақтарын сынауда. Олардың 1-еуі Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, 10-ы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22-і спорт шеберлері, 34-і спорт шеберлігіне үміткерлерлер болса, 11-і І-спорттық разряды бар спортшылар.
Қатысушылардың арасында өткен айда ғана Астана қаласында өткен IV Әлем чемпионатында ел намысын қорғаған спортшылар да бар. Жарыс 9 турдан тұрады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.