Тоғызыншы қабаттан құлаған екі жасар бала аман қалды

Фото: None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеу облысындағы Балашиха қаласында тоғызыншы қабаттан құлаған екі жасар бала аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«22 шілде күні Балашихада биіктен құлапжарақат алған екі жасар бала ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнын тексергентергеушілер сәбидің тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткенінанықтады», - дейді Мәскеу облысы бойынша Тергеу комитетінің Бас тергеубасқармасының өкілі Ольга Врадий.

Бала құлаған кезде пәтерде шешесі, 2014, 2016жылғы екі әпкесі және 2019 жылы туған інісі болған.

Қазір тергеуге дейінгі тексеріс жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар