деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
«Дәрігерлер баламды қолдарымен көтеріп ары-бері таситын. Оның тірі қалауына үміт мүлдем жоқ еді. Дәрігерлер бұны білсе де, маған айта алмады. Ал енді балам тағы да күле бастады», - дейді баланың анасы.
Валера достарымен бірге теміржол үстіндегі көпірде ойнап жүреді. Теміржолмен электровоз өтіп бара жатқан кезде бала абайсызда көпірден құлап кеткен. Бала электр доғасына түсіп, тоқ оның денесінен өтеді. Ол пойыз үстіне құлаған соң, жерге домалап түскен. Ауруханаға әкелген кезде бала ес-түссіз болатын. Электр тоғы оның бүкіл жүйке жүйелерін зақымдам, бала сал болып қалған.