Тоқ соққан бала тіл тартпай кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутиядағы Алдан ауданында тоқ соққан бала қаза тапты. Келеңсіз жағдай қаладағы гараждардың бірінің төбесінде болды.

Осы гараждар кешенінде ойнап жүрген үш баланың біреуі төбесіне шығып, көрмекке әрекеттенген. Жоғары кернеулі тоқ жүргізілген сымды ұстаған сәби сол жерде тіл тартпай кетті. Оқыс оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.