Тоқаев әкімдіктердің ұстаздарды түрлі шараларға жұмылдыруына қатысты пікір білдірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдіктердің ұстаздарды түрлі шараларға тартуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Жергілікті әкімдікұстаздарды әкімшілік мақсаттарға, білім беру саласына еш қатысы жоқ түрлішараларға жұмылдыра отырып өз өкілеттіктерін асыра пайдаланады», - деді Мемлекетбасшысы.

ҚР Президентініңпікірінше, білім беру жүйесінің сапасына теріс ықпал ететін тағы бір кедергі –ұсынылатын реформаларда педагогтардың нақты қажеттіліктерінің ескерілмеуі.

Еске салакетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамызконференциясы өтіп жатыр. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам мұғалім келген.

Соңғы жаңалықтар