Тоқаев: Алдымызда армиямызды трансформациялау дейтін күрделі міндет тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңестің отырысында Үкімет пен әкімдіктерге әскери инфрақұрылымды дамыту ісіне атсалысуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі әскери инфрақұрылым совет армиясының стандарттары бойынша құрылған. Бүгінде біздің алдымызда армиямызды трансформациялау дейтін күрделі міндет тұр. Біз бұрын қолданыста болмаған жаңа көкжиек құрып жатырмыз. Ел аумағын жетел жабдықтау шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Президент.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерге әскери инфрақұрылымды дамыту ісіне атсалысуды тапсырды.

«Оқ-дәріні сақтайтын қауіпті нысандар елді мекендердің аумағынан тысқары шығарылып жатыр. Бұл ауқымды жұмысты күш құрылымдарының мойнына ғана артып қою дұрыс емес. Үкімет пен әкімдіктердің әскери инфрақұрылымды дамыту ісіне атсалысқаны жөн», - деді Мемлекет басышсы.

Айта кетейік, Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Бүкілармиялық кеңестің отырысы өтті.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігіне қарасты оқу орындары педагогтерінің жалақысы өсетіні белгілі болған еді.