«Ұлттық кеңес мүшелері күнделікті «Ашық әкімдік» тәжірибесін таратуды ұсынып отыр. Шынында да, біз басқарушылық мәдениеттің жаңа стандартына шығуымыз керек. «Ашық әкімдік» жергілікті билікке қоғамдық үшін сервистік сипаттамаға ие болуға жол ашып, халық пен мемлекет арасындағы кедергілерді жояды. Алда бізді шыдамды, өзара сыйластықты талап ететін жауапты әрі күрделі жұмыс күтіп тұр. Өзімнің Жолдауымда мен қоғамдық жүйені модернизациялау жолын жалғастыруды тапсырдым. Қоғамдық саяси өмірді трансформациялаусыз экономикалық реформаларды жүргізу мүмкін емес екені белгілі», - деді Президент елордада өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында.
Еске сала кетсек, бүгін елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.
Ұлттық кеңестің құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз лауазымдарына сәйкес Ұлттық кеңестің құрамына кіреді.