«Президент Қарулы Күштерге, ҰҚК, ІІМ, Ұлттық ұлан және басқа да күштік құрылымдарға әскери дайындығын күшейту және жабдықтау шараларын қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің моральдық рухын қолдау және ө ңірлердің әкімдеріне қаза болған полиция қызметкерлері мен Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің отбасыларына лайықты материалдық көмек көрсетуді тапсырды» делінген Ақордада жарияланған мәліметте.
Еске салсақ, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бірқатар шұғыл тапсырма берді.13:03, 06 Қаңтар 2022
Тоқаев әскери қызметшілерді қолдау және олардың отбасыларына көмек көрсету туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің моральдық рухын қолдау және олардың отбасыларына лайықты материалдық көмек көрсету бойынша Үкіметке тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.